Біз туралы

Астана қаласы Анонимдік емдеу орталығы! 

Қазіргі заман жағдайында тәуелділіктің жаңа  түрлері көптеп пайда болуда. Тәуелділік ауруының ерекшелігі – ол өте күрделі, одан емделу белгілі бір уақытты талап етеді. Көбінесе тәуелділікпен зардап шегетін адам мамандандырлыған көмекке мұқтаж болады. Өткінішке орай, көбінесе пациенттер ауыр салдары қалыптасқанда, наркологиялық көмекке жүгінеді. Сондықтан психиатр нарколог дәрігерлер көмекке уақтылы жүгінуді ұсынады: адам ем алуға ертерек шешім қабылдаса, соншалықты нәтижелі болады.

Білу маңызды: Өтініштің жасырын түрде болатынына кепілдік береміз.

Анонимдік емдеу орталығының қызметі психикалық белсенді заттарға тәуелділікпен зардап шегетін пациенттерді оңалтуға бағытталған. Нашақорлық, алкоголизм, құмар ойындарына тәуелділік проблемасы – бір адамның ғана емес, барлық оның отбасының проблемасы. Өйткені тәуелділікпен зардап шегетін адамдар өзін ғана емес, айналасында қоршаған туыстардың, жақындардың барлығын бақытсыз етеді.

Сондықтан біздің Орталықта тәуелді адамды оңалту процесінде науқастың отбасы мүшелеріне де назар аударылып, олармен де психотерапевтік жұмыс жүргізіледі.

Біздің мекенжайымыз: Астана қаласы, көше - Хусейн Бен Талал 7, Стационарлық блок, 2-қабат «Анонимдік емдеу орталығы».

  Консультацияға жазылу үшін телефондар:

📞08.00 ден 20.00 дейін: +7 701 423 95 83; +7 7172 33-17-71, 33-17-16

 

Астана қ., Хусейн Бен Талал к. 7 үй, Стационар блогы, 2 қабат «Центр анонимного лечения»

 

08.00 ден 20.00 дейін: +77014239583, +7 7172 33-17-71, 33-17-16

Жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және жаңа акциялар туралы хабардар болыңыз!

Please enable the javascript to submit this form